AlmaU кiтапханасы оқырмандарға кiтапхана қорларына және әлемдiк ақпараттық ресурстарға жедел қол жеткiзу негiзiнде олардың ақпараттық сұраныстарына сәйкес кiтапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету жолымен оқу-тәрбие процесi мен ғылыми зерттеулердi қамтамасыз етедi. Кітапхананың ақпараттық қызметтері студенттерді оқыту сапасын және Университеттің ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруға бағытталған.
AlmaU кітапханасының қоры экономика, ақпараттық жүйелер, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар, сондай-ақ ғылыми және көркем әдебиет бойынша қазақстандық және шетелдік әдебиет басылымдарынан тұрады. Жыл сайын қор университеттің білім беру бағдарламаларына сәйкес жаңартылып отырады.
Университеттің студенттері, магистранттары, докторанттары, оқытушылары, қызметкерлері кітапхананы пайдаланушылар болып табылады.
Кітапханада кітапхана жұмысын автоматтандырылған режимде жүргізуге мүмкіндік беретін «КАБИС» интеграцияланған кітапханалық-ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Кітапханада AlmaU электрондық кітапханасына, Республикалық ЖОО аралық электрондық кітапханаға (ЭҚРЖ), IPRbooks, Web of Science, Scopus, Wiley, Cochrane, Zan, E- UNI, Science Direct, Юрайт, Polpred және т.б
Кітапхана төмендегідей ақпараттық–кітапханалық қызмет түрлерін ұсынады:
АлмаU кітапханасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар пайдаланушылар үшін жағдайлар жасалған. Компьютерлер арнайы құралдармен жабдықталған: экрандық лупа, микрофоны бар құлаққаптар, Брайл пернетақтасы, NVDA экранынан мәтінді айтуға арналған бағдарлама, Брайл қарпі бар кітаптар, үлкейтілген шрифті бар кітаптар, мүгедектер креслосын маневрлеу үшін орын және қосымша жарықтандыру.