А А А

Кітапхана туралы

AlmaU кітапхана қоры Отандық және әлем әдебитеттері: экономика, ақпараттық жүйелер, қоғамдық –гуманитарлық ғылымдар, сонымен қатар ғылыми және көркем әдебиеттермен  қамтылған.  

Кітапхананы пайдаланушылар студенттер оқытушылар және Университет қызметкерлері  болып табылады.  Кітапхана құрылымы оқу залы, абонемент және электронды залдан тұрады.  Электронды залда Ғаламтор желісіне Wi-Fi  арқылы, сондай –ақ, Алматы Менеджмент Универсиеті электронды  кітапханасына, Республикалық Жоғары оқу аралық электронды кітапханасына (РМЭБ),  «Параграф»  мәліметтер дерекқорына қол жеткізуге болады.

Aлматы Менеджмент Университеті кітапханасы -  Қазақстан кітапханалары Ақпараттық бірлестігінің  мүшесі.

Кітапханада автоматтандырылған  тәртіпте кітапханалық жұмысты жүргізуге мүмкіндік беретін «КАБИС» кітапханалық – ақапарттық жүйесі жұмыс істейді.

Кітапхана төмендегідей ақпараттық – кітапханалық қызмет түрлерін ұсынады:

  • Пайдаланушыларға әдебитеттер беру
  • Ғаламтор жүйесіне қосылу
  • Электронды каталог жайында кеңес және қол жетімділік.
  • Жаңа әдебиеттер көрмесін және тақырыптық көрмелерді өткізу.
  • Библиографиялық тізім құру.