«Алматы Менеджмент Университеті» Білім Мекемесі
Осы ереже «Алматы Менеджмент Университеті» Білім Мекемесінің «Кітапхана туралы нұсқаулығы» негізінде құрылған және жалпы мекеме бойынша оқырмандарға қызмет көрсету тәртібін, оқырмандар мен кітапхана міндеттері мен құқықтарын ретке келтіріп отырады.
1.Оқырмандар құқықтары
Оқырман құқықтары:
- Кітапхана ұсынған кітапханалық –библиографиялық және ақпараттық қызметтерді пайдалануға құқылы
- Кітапхана қоры құрамы бойынша толық ақпарат алуға , ақпарат көздерін іздеу және таңдауда кеңес көмегіне жүгінуге құқылы
- Құжаттарды уақытша үйге немесе оқырмандар залында қолдануға құқылы
- Құжаттарды немесе олардың көшірмелерін белгіленген электронды құжаттарға қол жеткізу тәртібі бойынша алуға құқылы
- Кітапханада өткізілген іс – шараларға қатысуға
- Кітапхана әкімшілігіне түрлі сұраныстар және ұсыныстар тастауына
2. Оқырман міндеттері
Кітапхананы қолдануда нақты ережелерді орындау:
- Кітапханадан алынған құжаттарға ұқыптылықпен қарау, белгіленген уақытта қайтару
- Құжаттарды алысымен әрбір басылымдарды мұқият қарап, жетіспеушіліктер болса кітапханашыға баяндауға
- Құжатт беттері жыртылып қалған жағдайда, соңғы пайдаланған оқырман жауапты
- Жыл сайын оқу жылының соңында өзінің атына тіркелген барлық құжаттарды тексеруге
- Құжаттарды жоғалтқан немесе жыртқан жағдайда, оларды кітапханашы құны тең деп санаған құжатпен немесе жалғыз даналы құжатпен алмастыруға
- Құны тең құжатпен алмастыра алмаған жағдайда, жоғалған басылымның құнын үш есе көлемінде төлеуге
- Университеттен шыққан жағдайда, кітапханаға өзінде жазылып тұрған барлық құжаттарды тапсырып, кету қағазына қол қойдыру керек
- Кітапхана ішінде тыныштық және тазалық сақтауына, басқа оқырмандармен сондай –ақ, қызметкерлермен дұрыс қарым –қатынаста болуына
3. Оқырмандарға рұқсат етілмейді
- Кітапханадан оқырманның электронды формулярына жазылмаған құжаттарды алып шығуына
- Өз ID – картасын өзге оқырманға беруге
- Кітапхана компьютерлеріне өздігінен бағдарламалар орнатуға немесе жаңарту жұмыстарын жасауға
- Университет кітапханасының сайтына қоғамдық немесе коммерциялық мақсатпен материалдарды, жариялауына, өзгертуіне, таратуына
- Кітапхана аумағына сырт киіммен, үлкен сөмкемен және тамақпен кіруіне
4. Университет кітапханасының құқықтары мен міндеттері
Кітапхана оқырман құқықтарын жүзеге асыра отырып:
- Университет бағытына сай кітап қорын қалыптастыру
- Оқырмандардың кітапхананың барлық қағаз түріндегі, электронды, аудио, видео және басқа да қорына қол жеткізуін қамтамасыз ету
- Оқырмандарға кітапхана қорының құрылымы жайында , электронды мәліметтер қоры, жаңа кітаптар, сондай –ақ , іс – шаралар өткізу, вебинарлар, семинарлар, кітап көрмелері туралы толық ақпараттарды кітапхана сайты http://lib.almau.edu.kz және басқа да кітапханалық ақпараттандыру ф ормалары арқылы жеткізу
- Оқырмандарға ақпарат көздерін іздеуде және таңдауда кеңес беру, олардың ақпараттық мәдениеттерін арттыру
- Сақтаулы және пайдаланылып жүрген кітапхана қорынан табылған құжаттарға есеп жүргізу
- Кітапхана қорының сақталуына жауапкершілікпен қарау
- Ақпараттық – танымдық жұмыстарды өткізу, оқырмандардың ішкі құндылықтарын арттыратын, ғылыми дүниетанымын, шығармашылық ойлауын кеңейтетін кең ауқымды шаралар өткізу
- Кітапханада оқырмандардың жұмыс жасауы үшін жақсы жағдай жасау
5. Оқырмандардың жазылу тәртібі
- Университетке түскенде кітапханадан ID- карта алу үшін тіркелуден өтуіңіз қажет. ID-карта барлық оқу мерзімінде немесе жұмыс уақытында тегін беріледі, жоғалған жағдайда көшірме беріледі. Көшірме ақылы негізде беріледі.
- Кітапханаға жазылу барысында оқырман белгіленген тәртіп бойынша нақты ережелермен танысады
- Студенттер, магистранттар және аспиранттар университетке қабылданғаны жайлы бұйрық негізінде кітапханаға жазылады
- Кітапханаға жазылу үшін оқырман жеке куәлігін және суретін көрсетуі керек
- Сырттан келген оқырмандарға кітапханада ақылы түрде жеке куәлік немесе мекеменің бекіткен келісімшарты талаптарына сай ақылы не тегін ақпараттық – кітапханалық қызмет көрсетіледі
6. Абонементтегі кітапханалық материалдарды пайдалану тәртібі
Басылымдар төмендегідей мерзімдерге беріледі:
- Студенттерге кітаптар оқу жоспарларымен бағдарламаларына сай бір семестрға немесе оқу жылына беріледі. Университеттің оқытушы – профессорлық құрамы және ғылыми қызметкерлері кітаптарды 6 ай мерзіміне алуына болады және бір рет мерзімін ұзарта алады. (10 данадан аспауы керек)
- Саны жеткіліксіз оқу басылымдары «қысқа мерзімдік абонементке» беріледі (10 күннен 30 күнге дейін)
- кітапхана қорында бар бір дана басылымдар оқу залдарында немесе электронды түрде пайдалануға беріледі;
- Ғылыми басылымдар барлық оқырмандарға 20 күнге 5 данаға дейін беріледі
- Көп бөлімді басылымдардан бір мезетте тек 2 бөлімі ғана беріледі
- Ғылыми және көркем әдебитеттерді қолдану мерзімін егер ол кітаптарға өзге оқырмандардан сұраныстар болмаса ұзартуға болады (немесе егер басылым жоғары деңгейлі сұраныста болса қысқартылады)
- Басылымды уақытында қайтармаған және қолдану мерзімін ұзартуға болмайтын жағдайда оқырманнан кітапхананың және университет ректорының бекіткен мөлшерінде айыппұл алынады.
- Кешкі бөлім студенттері кітаптармен абонементте тек сессия кезінде ғана қамтамасыз етіледі
- Университет оқытушылары мен қызметкерлері оқу жылының соңында, яғни 1 – ші шілдеге дейін барлық кітапханалық басылымдарды өткізуі немесе пайдалану мерзімін ұзартуы керек (7 данадан көп емес), қарызы жоқ деген бақылау парақшасын алып және оны бухгалтерияның есеп айырысу бөліміне кезекті демалысқа шыққынға дейін өткізуі керек.
- Бақылау парақшасын өткізгеннен кейін оқытушылар мен қызметкерлер жазғы демалыс уақытында қажетті әдебиеттерін алуына болады.
7. Кітапхананың оқу залы және электронды залын қолдану ережелері
- Алғашқы рет залға кіргенде пайдаланушы зал қызметкерінен тіркеуден өтеді және залды пайдалану ережесі және техника қауіпсіздігі бойынша нұсаулықпен танысады.
- Оқу залынан басылымға тапсырыс бергенде оқырман ID – картасын көрсетеді, оқырман талаптарын толтырады, оқу залынан бір мезетте берілген басылымдар саны 7 данадан аспауы керек.
- Оқу залында СОӨЖ-ге пайдалануға арналған құжаттар оқытушының жауапкершілігі бойынша беріледі.
- Интернет желісіне қол жетімділік оқу залында Wi-Fi арқылы іске асады.
- Электронды кітапханада жұмыс жасау үшін, пайдаланушылар университет сайтында тіркелуден өтуі керек, сонымен қатар, басқа да қызметтік мүмкіндіктерге қол жеткізуге құқықты болулары керек. Логин және құпия сөзді кез-келген интернет желісіне қосылған компьютерде қолдана аласыз.
- Пайдаланушылар құрал –жабдықтарға жауапты қарауы міндетті, компьютерлік құрылғылардың істен шыққанын көрсе, жедел түрде зал қызметкеріне хабарлауы керек.
- Залда кезекші кітапханашыға міндетті түрде көрсете отырып, жеке флешкамен, CD-R оқу және ғылыми материалдарымен жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
- Университеттің кітапхана сайтында тұрған құжаттарды көшіруге рұқсат етіледі, сонымен қатар, сілтеме жасау мекемелік емес мақсатта қызмет жасап тұрған «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар» туралы 1996 ж. 10 маусымдағы № 6-I Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, автордың шығармасының атын және ақпарат алған көзін көрсете отырып жүзеге асырылады. Құжаттың көшірмесінде немесе бағдарламада өшіруге болмайтын авторлық құқық © белгісі сақталуы керек.
8. «Кітапхананы қолдану ережесін» бұзғаны үшін оқырман жауапкершілігі
- Осы ережені жүйелі немесе дөрекі түрде бұзатын оқырмандар, кітапхананы пайдалану құқығынан 1 ай және одан да көп мерзімге айырылады.
- Осы ережелерді дөрекі бұзғандар туралы мәлімет деканатқа қарастыруға жіберіледі.
Кітапхананың жұмыс істеу уақыты
AlmaU кітапханасы 19.09.2022 жылдан бастап жаңа жұмыс кестесіне көшу туралы хабарлайды:
дүйсенбі - жұма 8.00 -ден 18.00 -ге дейін үзіліссіз;
сенбі - 9.00 -ден 17.00 -ге дейін
жексенбі - жұмыс күні емес.
- Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні
- Мерекелік күндері кітапхана жұмыс істемейді
Сізді қызықтырған барлық сұрақтарға кітапхананың виртуалды анықтамалық қызметі http://lib.almau.edu.kz/kz/page/9 немесе lib@almau.edu.kz электрондық мекен-жайы бойынша жауап береді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз: https://t.me/ALMAULIBRARY
