А А А

Thomson Reuters компаниясы Web of Science платформасының орыс тілінде іске қосылғанын жариялайды

Орыс тілі әлем бойынша 7 мыңнан аса ұйым қолданатын бүкіл әлемдік жетекші ғылыми-зерттеуші басылымдар және патентерінің жетінші интерфейс тіліне айналды. Енді ғылыми бірлестіктің орыс тілінде сөйлейтін орыс тілінде сөйлейтін бөлігі Флагман шешімімен Thomson Reuters базасы бойынша ғылыми зерттеулерді ана тілінде іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар.

 

Мәскеу, Ресей, 2015 жылдың 12 қарашасы Thomson Reuters компаниясының  Intellectual Property and Science  бөлімшелерінің өкілдері бүгін жетекші бизнеске арналған зияткерлік ақпараттарды жабдықтаушыларға және мамандарға ғылыми басылымдар базасының және патенттерінің орыс тілінде іске қосылғандығын хабарлайды.

 

Орыс тілі Web of Science платформасында қол жетімді жетінші тіл болып тұр (ағылшын, испан,қытай, корей, португал және жапон тілдерінен кейін). Бұл жаңалық ТМД елдері пайдаланушыларына қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

 

7000 зерттеуші ұйымдар және 120-дан астам елдің ғалымдары  Web of Science платформасын өздерінің зерттеулерін жүргізу үшін негізгі әлемдік мәліметтер қорындағы ғылыми- зерттеу жұмыстарының сілтемелеріне қол жеткізу үшін жиі пайдаланады. Олардың ішінде – ондаған мыңы Ресейдің 300 –ден аса ұйымдарының зерттеулері (бұл санда білім беру мекемелері, ғылыми –зерттеуші институттар және мемлекеттік органдар), сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 300 – ден астам ұйымдары және ТМД – ның басқа елдері.

 

Thomson Reuters  компаниясының Ресейдегі және ТМД елдерінің басқарушы директоры  Петр Марчевски: - «Жарты ғасырдан аса уақыт бойы Web of Science платформасы көптеген зерттеушілер жұмысына салмақты үлес қосуда», - деп айтты. Web of Science платформасы әр түрлі ғылыми пәндер бойынша расталған ақпараттарға қол жеткізуге сондай- ақ, студенттер, оқытушылар және зерттеушілерге тиімдірек  ғылыми ізденіс жүргізу барысында қажетті құрал болып табылады. Біз ғылми бірлестіктің орыс тілінде сөйлеушілер бөліміне платформамыздың енді пайдалануына қолайлы бола түскеніне қуаныштымыз.

 

Web of Science пайдаланушылары енді  Web of Science платформасын пайдалану нұсқаулығы ретінде қолдануға болатын қызметтік жүйеге  маңызды толықтыру  - анықтамалық бөлімді қоса, барлық қызметтерге орыс тілінде қол жеткізе алады.

 

Web of Science бойынша нақты мәліметті осы сілтеме бойынша біле аласыз   http://wokinfo.com/ немесе http://wokinfo.com/russian.