А А А

«NARQYZ» кітабының тұсаукесеріне және ұлы жырау Нұрпейіс Байғаниннің рухани мұрасына арналған әдеби-музыкалық кеш 2026 жылғы 27 ақпанда AlmaU Open Library-де рухани бірлік пен мәдени шабыт атмосферасында өтті.

                                                                                            

 

                                       ​​

Құрметті оқырмандар!

2026 жылғы 27 ақпанда AlmaU Open Library-де «NARQYZ» кітабының тұсаукесеріне және ұлы жырау Нұрпейіс Байғаниннің рухани мұрасына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті.

Кеш қонақтары дала эпосының тірі дәстүрімен қауышып, жүрекке жетер әсерлі өнер көрсетілімдерін тамашалап, ұрпақтар сабақтастығын жалғаған тағылымды жүздесудің куәсі болды. Кештің ерекше сәттерінің бірі — жыраудың ұрпағы Ерболат Байғанинмен кездесу болды. Ол отбасылық тарихымен бөлісіп, атасының үш томдық шығармалар жинағын кітапханаға сыйға тартты. Музыкалық кештің көркін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы студенттері қыздырса, жарқын қорытындысы ретінде MuzTengri этно-тобының өнері ұсынылды.

Кеш сөз бен саздың, тағылым мен тағзымның үндестігіне айналып, қонақтардың жүрегінде ұлы мұраға деген терең құрмет пен рухани сабақтастық сезімін қалдырды.

Бізбен бірге осы шабытты кешті бөліскен баршаңызға алғысымызды білдіреміз!