![]() |
![]() |
![]() |
2025 жылғы 15–22 сәуір аралығында AlmaU Open Library қызметкерлері іссапармен Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Лобаново ауылында болды. Мұнда "Зейнеп" жоғары көпсалалы колледжі базасында ауқымды іс-шаралар — бизнес-конференция және "Наурыз – Start: болашақ кадрлары – ақылды және спорттық" атты ашық есік күні өтті.
AlmaU Open Library командасы конференция жұмысына белсенді қатысты. Спикерлер өздерінің инновациялық бизнес-жобаларын таныстырды. Іс-шара аясында кітапхана қызметкерлері колледждің фойесінде үш жарқын кітап көрмесін ұйымдастырды. Конференцияның атмосферасы шабыттандырарлық болды — пікір алмасу, тәжірибе бөлісу, жаңа идеялар мен жанды қарым-қатынас орын алды.
Ерекше назарды Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты сыйға тартқан кітаптардың презентациясы аудартты. Бұл шараны кітапхана қызметкерлері өткізді. Аталған кітаптар — Қазақстан тарихын насихаттауға, жастар арасында патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға зор үлес қосатын құнды мұра болып табылады. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері AlmaU электронды ресурстары бойынша таныстыру семинарын өткізіп, колледж оқытушылары мен студенттеріне заманауи оқу материалдары мен білім беру құралдарымен қамтамасыз етуде үлкен қолдау көрсететін ресурстарды таныстырды.
Бұл іссапар ұмытылмас әсерлер, пайдалы таныстықтар мен дамуға жаңа мүмкіндіктер сыйлады.
"Зейнеп" колледжінің ұжымына жылы қабылдауы, жоғары деңгейде ұйымдастыруы және осындай маңызды іс-шараның бір бөлігі болуға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз!