Құрметті оқырмандар! 15 ақпан 2025 жылы Алматы Менеджмент Университеті кітапханасында көрнекті фольклортанушы, түркітанушы Е. Д. Тұрсыновтың жеке кітапханасының тұсаукесері өтті.
«Дала Ілімі» ғылыми Түркі семинары аясында осы шара ұйымдастырылды. Шараны Алматы Менеджмент Университеті, Университет кітапханасы, «Аспандау» ғылыми-білім беру қоры, «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі және «Жолшы» философиялық қоғамдастығы бірлесе өткізді.
Іс-шараның модераторы PhD, «Жолшы» философиялық қоғамдастығының төрағасы Нұржан Құлымжанов болды.
Іс-шарада қоғам қайраткері, Алматы Менеджмент Университетінің негізін қалаушы және президенті, іскерлік әкімшілендіру докторы Қожахметов Асылбек Базарбайұлы құттықтау сөзін айтты. Салтанатты тұсаукесер рәсімі Қожахметов Асылбек Базарбайұлы мен Сембин Марат Қатайұлына жүктелді.
Дәстүрлі әнші Санат Исаевтың өнері де қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
«Дала Ілімі» Түркі Семинарының аясында тарих ғылымдарының докторы, профессор Марат Сембин, филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, түркітанушы, жыршы, аудармашы Қайрат Жаңабаев,философия ғылымдарының докторы, мәдениеттанушы, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Альмира Наурызбаева сөз сөйледі.
Шара барысында жазушының туыстары, достары және пікірлестері өз естеліктерімен бөлісіп, жылы сөздер айтты.
Бұл іс-шара көпшілікке ұмытылмас әрі жағымды әсер қалдырып,өнер мен ғылымның өзара үндестігі сезілді. Бізбен бірге болған барлық қонақтарға алғысымызды білдіреміз!