А А А

Халықаралық ғылыми конференцияға

                                                                                                       

 

Құрметті әріптестер!

 

Clarivate Қазақстанмен бірге сіздерді «Казахстан и Web of Science: 10 лет прогресса в научной информации» атты халықаралық ғылыми конференцияға шақырады.

Биыл Қазақстан Республикасындағы Web of Science халықаралық платформасына қол жетімділікке 10 жыл, бұл оқиға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеумен тұспа-тұс келіп отыр!

Күні: 18 қараша 2021 жыл

Конференцияның басталуы: 14:30 (Нұр-Сұлтан уақыты)

Конференция бағдарламасы сілтеме бойынша қолжетімді - https://clck.ru/YrCK3

Конференцияда академиялық және ғылыми ұйымдармен жүзеге асырылатын жариялау қызметі мәселелері, ашық қолжетімділік саясатын дамыту мәселелері, ғылыми жобаларды бағалау мәселелері талқыланады.

Коронавирустық пандемияға байланысты, іс-шараларға қойылған шектеулерге орай конференция мajorel платформасында виртуалды форматта өтеді.

Қатысу үшін мына мекенжай бойынша тіркелу қажет: http://centrestage.majorelindia.com/KZ/register.html

Іс шараға кіру сілтемесі тіркелгеннен кейін бірден электрондық поштаға жіберіледі.

 

Біз сіздерді конференцияда күтеміз!