AlmaU кітапхана қоры Отандық және әлем әдебитеттері: экономика, ақпараттық жүйелер, қоғамдық –гуманитарлық ғылымдар, сонымен қатар ғылыми және көркем әдебиеттермен қамтылған.
Кітапхананы пайдаланушылар студенттер оқытушылар және Университет қызметкерлері болып табылады. Кітапхана құрылымы оқу залы, абонемент және электронды залдан тұрады.
Электронды залда Ғаламтор желісіне Wi-Fi арқылы, сондай –ақ, Алматы Менеджмент Универсиеті электронды кітапханасына, Республикалық Жоғары оқу аралық электронды кітапханасына (РМЭБ), «Параграф» мәліметтер дерекқорына қол жеткізуге болады. Aлматы Менеджмент Университеті кітапханасы - Қазақстан кітапханалары Ақпараттық бірлестігінің мүшесі.
Кітапханада AlmaU электронды кітапханасына, Республикалық университетаралық электронды кітапханасына, IPRbooks, Web of Science, Scopus, Wiley, Cochrane, Zan, E-UNI, Science Direct, Юрайт, Polpred және т.б. қол жетімді.
Кітапхана төмендегідей ақпараттық–кітапханалық қызмет түрлерін ұсынады: