Алматы Менеджмент Университетінің кітапханасы AlmaU оқытушыларының авторлық ұжымдары әзірлеген және AlmaU Press баспасынан Д.Б. Сааридің жалпы редакциясымен жарық көрген жаңа оқу құралдарының тұсаукесерін өткізді.
Іс-шара аясында келесі басылымдар таныстырылды:
Өмір дизайны = Дизайн жизни = Life Design
Service Learning
Адам құқықтары және азаматтық қоғам = Права человека и гражданское общество = Human Rights and Civil Society
Тұрақты даму: принциптері мен тәжірибесі = Устойчивое развитие: принципы и практика = Sustainable Development: Principles and Practice
Авторлар өз оқу құралдарының идеялары мен тұжырымдамаларымен бөлісіп, басылымдарды дайындау барысы туралы айтып, олардың білім беру үдерісіндегі маңызын талқылады.
Тұсаукесер үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде – 2025 жылдың 17 қазанында AlmaU кітапханасының Үлкен оқу залында жылы әрі шабыттандыратын атмосферада өтті.
Іс-шара қонақтары авторлар ұжымының жаңа еңбектері жақын уақытта AlmaU Press баспасынан жарық көреді деген үміт білдірді.