А А А

«Қырық мысал» жинағын талқылау

 

Бүгін AlmaU Open Library-да AlmaU кітап клубы мен «Парасат жолы» клубы аясында Қазақстан халқы тілдері күніне және Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Қырық мысал» жинағын талқылау өтті.  
Талқылау барысында А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар айтылып, клуб қатысушылары ақынның мысалдарынан үзінді келтіріп, пікір алмасты.  
Шара соңында Ахмет Байтұрсынұлына арналған викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.