А А А

«Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту мәселелері» атты дөңгелек үстел

   

 2023 жылдың 15 ақпанында Алматы Менеджмент Университетінде «Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында қазақ тілін ғылым тілі ретінде қолдану аясын кеңейту мәселелері, атқарылып жатқан бастамалар және қазақ тілін ары қарай дамыту жолдары қарастырылды.

Дөңгелек үстел барысында Назарбаев Университетінің «Қазақ тілі және түркі зерттеулері» кафедрасының меңгерушісі Юлай Шамиль Оглу "Академиялық қазақ тілі бағдарламасы" атты дәрісін оқыды. Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі Анаркүл Салқынбай ЖОО қазақ тілін оқытудың мәселелеріне қатысты өз ойларымен бөлісті.

Жиынның екінші бөлімінде, Алматы Менеджмент университетінің президенті және негізін қалаушысы Асылбек Қожахметовтың редакторлығымен шыққан «Қазақстандық университеттің тиімді моделін іздеу жолында» атты монографиясының тұсаукесері өтті. Жиын кезінде кітаптың шығуына атсалысқан: Алматы Менеджмент университетінің ректоры Гүлнәр Куренкеева, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова, Алматы Менеджмент университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Әсел Арынқызы кітаптың шығу тарихы мен қосқан үлестері туралы айтып берді. Ғылым комитетіне қарасты Орта Азиялық аймақтық Гляциология орталығының директоры Такир Балықбаев кітап туралы өз ойларымен бөлісті.

Тұсаукесер соңында көрме ұйымдастырылды.