А А А

«Кітапханалық технологиялар мектебінен» семинар-тренинг

2022 жылдың 5-9 желтоқсан аралығында кітапхана қызметкерлері Назарбаев университетінде өткізілген «Кітапханалық технологиялар мектебінің» семинар-тренингіне қатысты.

 
   

Семинар барысында мамандар ұсынған әр-түрлі іс-шаралар мен студенттерге моральді қолдау көрсету жөнінде қызықты ақпараттарды өз тәжірибелерінде біртіндеп қолданысқа енгізуде.

Мысалы: Stress Relief Month – бұл емтихан уақытысында студенттерге психологиялық тұрғыда көмек көрсету үшін ұйымдастырылатын шара. Арнайы дайындалған стресске қарсы мандаланы бояу арқылы ойыңызды бөлу және жазуға арналған тақташада өз эмоцияңыз туралы жазбаша қалдыру.

Кітапхана қызметкерлері семинар-тренингтен алған ақпараттарды өз тәжірибелерінде қолданысқа енгізетінін және әлі көптеген жобалар ұйымдастырып жатқанын, жақын арада қызықты ақпараттармен бөлісетінін естеріңізге саламыз.