7 қарашада сағат 10.00-де, Білім ғимаратының бірінші қабатындағы Кітапхананың оқу залында, жылы шырайлы жағдайда, э. ғ. д Б.А. Мархаеваның жалпы редакторлығымен Жоғары менеджмент мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамы дайындаған «Қазақстанның экономикалық жүйелеріндегі трансформация: үрдістер мен факторлар» монографиясының тұсаукесері өтті.
Шақырылған қонақтар: академиялық даму жөніндегі проректор Арын А., ЖМM көшбасшы- бағдарламашылары, монография авторлары, кітапхана қызметкерлері және оқытушылар құрамы.
Барлық қатысушылар зерттеудің соңғы кезеңі ретінде жарияланымдардың қажеттілігін, монографиялардағы ұжымдық жұмыстың зерттеу процесінде қозғаушы фактор ретіндегі маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара монографияның авторлық көшірмелерін салтанатты түрде тапсырумен аяқталды.